
«Балдәурен» жазғы балалар алаңының бағдарламасына орай жазғы алаңның оқушылары тәрбиешілермен бірге серуендеп Жеңіс саябағына саяхатқа барды. Жеңіс саябағында жоғарғы сынып оқушылары өздерінің тарихтан бар білгендерімен бөлісті. Табиғат аясында серуендеп таза ауада оқушылармен дене шынықтыру мұғалімдері спорттық ойындар өткізді. Жеңіс саябағын серуендеп оқушылар монументтермен суретке түсті.


