3 қазан бірыңғай экология сағаты «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) меткеп-интернаты» КММ екі кезеңде өтті: бірінші кезең – мерекелік іс-шара, екінші – жасыл көшеттерді отырғызу бойынша тәжірибелік жұмыс, «Жас ұрпақ» саяжолын құру.
Іс-шарамыздың құрметті қонақтары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.С.Сақыпкереев., СҚО білім басқармасының бөлім басшысы Е.Ж.Нұрахметов., «Жас ұрпақ» саяжолын құруда оқушылармен қатысқан болатын.
Оқушылар тарапына мұндай іс-шаралар тансық, өйткені жасыл көшеттерді отырғызу балаларға таныс әрі қолжетімді болып отыр.
1-3 сынып оқушыларының сынып жетекшілерімен «Біз табиғатты жақсы көреміз және аялаймыз!», «Жерді қорғаңдар, қорғаңдар!», «Табиғатты сүйеміз, аялаймыз!», «Табиғаттың ғажайып әлемі!» атты сынып сағаттар өткізілді.
Балаларға сабақта Жердің экологиялық жағдайы туралы ақпарат, слайдта табиғаттың экологиялық жағдайына әсер ететін оңтайлы ықпалдар ұсынылды. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен қосылып экологиялық мәселелерді талқылады: ауаның, судың, орманның ластануы, онда балалар келесі өсіп келе жатқан ұрпаққа табиғатты қорғап қалу үшін жасалатын әрекеттермен бөлісті.
Педагогтармен көптеген өмірлік мысалдармен экологиялық жағдаяттар ұсынылды, онда балалар бәрін дұрыс бағытта талқылай отырып Жер бетіндегінің бәрі бір-біріне байланысты екені, табиғат ақылды және артық ештеңе қалыптастырмаған яғни Жердегі барлық тірі жанды сақтау және ұқыпты қарау болып табылады.