+7 (7152) 54-08-43

title kz

01 03 2016Мектеп ұжымы мен тәрбиеленушілер үшін бүгінгі күн көпке дейін есте қалмақ. Интернаттағылар алғаш рет көппен бірге Алғыс айту күніне арнап мерекелік концерт ұйымдастырыпты. Бүгінде білім ордасында дамуы мен психикасында ауытқуы бар 146 бала

Мектеп ұжымы мен тәрбиеленушілер үшін бүгінгі күн көпке дейін есте қалмақ. Интернаттағылар алғаш рет көппен бірге Алғыс айту күніне арнап мерекелік концерт ұйымдастырыпты. Бүгінде білім ордасында дамуы мен психикасында ауытқуы бар 146 бала оқуда. Олардың жүріп-тұруы, сөйлеуінде кемістігі болғанымен, қоғамдық өмірде жан-жақты екендіктерін дәлелдеп келеді.

10-шы сынып оқушысы Мирас Кенесары мектеп-интернатқа 8 жыл бұрын келген. Жеткіншек осында әркез өткізілетін мерекелік шаралардан шет қалмай, бойына сіңген өнерін көрсетуден тартынған емес.Мирас Кенесары - Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының оқушысы:

-Бүгін 1-ші наурыз - Алғыс айту күні. Мейірімділік пен жақсылық жасайтын күн деп есептеледі. Біз Елбасымыздың қамқорлығына алғыс айтамыз.Бұл күні оқушылардың ата-аналары да ескерусіз қалмай, мектеп басшылығы оларға алғыс хаттар табыс етті. 
Еліміздің бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған мейрамның лебізі әр сыныпта өткізіліп жатқан тәрбие сағаттарында да сезілді. Мысалға, мына сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самал Өскербаева оқушыларға Алғыс айту күнінің пайда болуын түсіндіріп, мән-маңызын ұғындыруда.Самал Өскербаева - Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі:

-Біздің мақсатымыз - осы балалардың жан-дүниесіне ризашылықтың мәнін ұғындырып айту, қай уақытта алғыс айту керектігін түсіндірудеміз. Сондықтан, бұл мерекенің тәрбиелік маңызы зор.Қазіргі таңда мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне 70-ке жуық педагог білім беруде.

Онлайн кім

Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр