+7 (7152) 54-08-43

title kz

Сабит Мұқанов атындағы Петропавл музыкалық-драма театрында өткен жаңа жылдық шырша мерекесі нағыз ертегі әлеміне айналды. Мерекелік іс-шараның қадірлі қонақтары «№1 арнайы мектеп-интернатының» оқушылары болды.

Балалар үшін бұл күн ерекше әсерге толы, шынайы ғажайыпқа айналды. Театр іші жарқын түстермен көмкеріліп, шат күлкі мен мерекелік көңіл күйге бөленді. Залда ханшайымдар мен суперқаһармандарды, сүйікті ертегі кейіпкерлері мен мультфильм батырларын көруге болатын. Әсем безендірілген жаңа жылдық шырша жарқыраған шамдарымен залға жылулық пен мерекелік атмосфера сыйлады.

Оқушылар флешмобқа белсене қатысып, шыршаны айнала қол ұстасып би биледі, өздерінің сәнді мерекелік киімдерін мақтанышпен көрсетті. Әрбір сәт қуанышқа, шаттық пен балалық күлкіге толы болды.

Мерекенің басты кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақардың келуі балалар үшін ерекше қуаныш сыйлады. Олармен бірге балалар жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағып, ертегі мен жаңа жыл ғажайыптарының сиқырлы әлеміне толықтай енді.

Бұл мерекелік шара оқушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырып, Жаңа жылды қуанышпен қарсы алуға ұмытылмас көңіл күй сыйлады.

 

0910 1

0910 1

0910 1

0910 1

0910 1

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр