Республика күні – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және ұлттық рухын дәріптейтін маңызды мереке.
Осы мерекеге орай 2025 жылдың 22 қазан күні Петропавл қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатында облыстық деңгейде ұлттық ойындардан спорттық жарыстар өтті.
Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және спортқа қызығушылығын арттыру болды.
Жарысқа облыстың арнайы мектептерінен келген оқушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Ұлттық ойын түрлерінен Асық ату, Бес асық және Белбеу күрес сайыстары ұйымдастырылды.
Нәтижелер:
- Асық ату жарысында ерекше шеберлігімен көзге түскен Бунеев Назар – 1 орын, Власов Виталий – 2 орын иеленді.
- Белбеу күресінде күш пен ептіліктің үлгісін көрсеткен Шаталов Роман – 1 орынды жеңіп алды.
Жарыстар тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар бір-біріне құрметпен қарап, достық пен әділ бәсекенің үлгісін көрсетті.
Бұл іс-шара оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді және спортқа деген сүйіспеншілікті арттырды. Республика күніне арналған мұндай ұлттық ойындар жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметін нығайтып, мерекенің маңызын айқындай түсті.









