- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
Жас өскелең ұрпақтың сауатты өмір салтын ұстану мақсатында оқушыларды спортқа баулып денелерін шынықтыру аясында мектеп – интернаттың оқушыларымен бірге «Динамо» стадионына спорттық жарыстарға қатысуға бардық. Стадионда басқа мектептің оқушыларынан кем күш сынаспай өз өнерлерін барша қырларынан танытып қатысты. Оқушылар үшін спорттықтық жарыстар өте қызықты әрі тартымды өтті. Жарыс соңында нәтижелерге орай мектеп – интернаттың оқушыларын тәтті сыйлықтармен марапаттады.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
«Балдәурен» жазғы алаңның оқушылары қалалық орталықтандырылған саябақтағы «Қызылжар Арт студио» орталығына саяхатқа барды.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
1 маусым күні мектеп – интернаттың қабырғасында «Балдәурен» атты жазғы балалар алаңы ашылды.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ.
Бұл акцияның мақсаты экологиялық мәдениетті, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және еңбекқорлықты тәрбиелеу.
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.
Әрине, бәрі бала кезінен басталады және «Жасыл мекен» акциялары — балаларға қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты оятудың бір жолы.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
Мектеп-интернат қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының командалары арасында қалалық КТК фестиваліне қатысты. КТК педагогтардың, кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, және бос уақытты өткізудің танымал нысаны ретінде КТК қозғалысына қатысу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
1 мамыр Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен байланыстың нығаюын білдіреді. Мереке достық пен келісімді алып жүреді, еліміздің барлық халқы мен халықтарының татулығы мен ынтымақтастығының символы болып табылады. Бүгін мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт өтті.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
2023 жылғы 28 сәуірде «10-сынып оқушыларының кәсіби ниеттері мен мүмкіндіктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесін шешуге ынталандыру. Жиналысқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлық және сервис колледжінің өкілі сөз сөйледі. Жиналыста ата-аналар колледж өкілімен жақынырақ сөйлесуге, оқуға түсу шарттары мен мерзімдері, одан әрі жұмысқа орналасу, оқу уақытында тұру және т.б. сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 224 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр